Дәл мұндай гибридті жоба Қазақстанда алғаш рет іске асырылатын болады.
Римде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компнаиясы АҚ және Eni S.p.A. (Eni) Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясын салу жобасын іске асыру туралы бірлескен шешімге қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Екіжақты құжатқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев және Eni-дің бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци қол қойды", - делінген ұлттық компанияның хабарламасында.
Жоба Eni Plenitude еншілес компаниясымен бірлесіп Жаңаөзен қаласында жел (77 МВт) және күн электр станциясын (50 МВт), сондай-ақ қуаты 120 МВт газ электр станциясын салуды көздейді. Бұл бастама "ҚазМұнайГаздың" өңірдегі өндірістік нысандарын электр қуатымен тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дәл мұндай гибридті жоба Қазақстанда алғаш рет іске асырылатын болады.