"Иттен қорқып, жолға шығып кеткен": Алматы облысында жүк көлігі мектеп оқушысын қағып өлтірді

0
624

Белгілі болғандай, бала жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүріп келе жатқан, бірақ иттерден шошып, жолға шығып кеткен.


ERNUR.KZ. Алматы облысында Isuzu жүк көлігінің жүргізушісі сегіз жасар оқушыны қағып кетті, деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желілерде қайғылы оқиға орнынан фотосурет пайда болды.

Алматы облысы полиция департаментінің ақпараты бойынша, жол апаты 8 қазан күні сағат 13.20-да Есік қаласында (Еңбекшіқазақ ауданы) орын алған. 35 жастағы Isuzu жүк көлігінің жүргізушісі Малькеев көшесімен келе жатып, баланы қағып кетті.

Белгілі болғандай, бала жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүріп келе жатқан, бірақ иттерден шошып, жолға шығып кеткен.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz порталына берген түсініктемесінде қажетті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.

"Бала алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Сотқа дейінгі тергеу қажетті сараптамаларды тағайындаумен Қылмыстық кодекстің 345 - бабының 3-бөлігі "Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа механикалық көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша басталды", -деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.