Тек 9-11 сынып оқушылары ғана аралас форматта білім алады.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева IV тоқсанда астаналық оқушылар қашықтан оқитынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Ол соңғы тоқсан 1 сәуірде басталанынын атап өтті.
«Карантин талабының күшеюіне байланысты қаладағы барлық мектеп меншік нысанына қарамастан қашықтан оқиды. Мектеп бітіруші 9, 10, 11-сынып оқушылары ғана аралас форматта білім алады. Пәндердің 70%-ы дәстүрлі, 30%-ы қашықтан оқытылады. Сыныптағы оқушының саны 15-тен аспауы керек», - деді Бағлан Сматаева елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.