Ер адам ауылдан жылқыларды айдауға шығып, жоғалып кеткен.
Фото: Устинка
ERNUR.KZ. Айыртау ауданындағы Имантау мен Арықбалық ауылдарының арасында ТЖД құтқарушылары, ПД мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және ауыл тұрғындары бірлесіп 1981 жылы туған азаматты іздеді, деп жазады inbusiness.kz.
Іздеуді күшейту үшін дрон қолданылды.
Құтқарушылар Имантау ауылынан 8 км қашықтықтағы ашық аумақтан жоғалған азаматты аман-есен тауып, елді мекенге жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.