Іздеу жарияламауға уәде берген: Астанада полиция капитаны сотталды

0
627

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Іздеу жарияламауға уәде берген: Астанада полиция капитаны сотталды
ERNUR.KZ. Астанада пара алғаны үшін күдіктіге іздеу жарияламауға уәде берген полицейге үкім шығарылды, деп жазады tengrinews.kz.

Сот мәліметінше, ПБ қызметкері күдікті Б.-дан іздеу жарияламауға уәде беріп, 300 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Күдікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласқан. Тәртіп сақшысы ақшаны алу кезінде ұсталды.

"Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұл әрекетке шын жүректен өкінуді және үш жас баланың болуын мойындады. Ол қабылдаған анттың бұзылуы ауырлататын жағдай деп танылды", - деді сотта.

Сот үкімі бойынша, полицей лауазымды тұлға бола тұра алаяқтық әрекетін жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік кіріске 2 миллион 250 мың теңге көлемінде айыппұл өтеу, сондай-ақ мемлекеттік органдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес ол "полиция капитаны" арнайы атағынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.