Израильмен шекара маңында наразылық шерулері өткен жылдың көктем айынан бері жалғасып келеді.
ERNUR.KZ. Газа секторы тұрғындары Израиль шекарасы маңында наразылық акциясын өткізіп, әскерилермен қақтығысқа түсті, деп жазады 24.kz.
Тәртіпсіздік кезінде 83 адам жарақат алды. Үш шерушіге оқ тисе, қалғандары көзді жасаурататын газдан жапа шеккен. Айта кетейік, Израильмен шекара маңында наразылық шерулері өткен жылдың көктем айынан бері жалғасып келеді. Палестиналықтар Тель-Авивтен 1976 жылы тартып алған жерлерді қайтаруды сұрауда. Бірақ Изариль билігі бұл ХАМАС қозғалысының арандатушылығы дегенді айтады. Ал ресми дерекке қарағанда, соңғы 1 жылда Израиль әскерилерімен қақтығыстан 250 палестиналық көз жұмған. 20 мың тұрғын түрлі жарақат алды.