Сөзінше, ресторан қосымша құн салығын төлемейді. Себебі олар арнайы бөлшек салада отыр.
ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кафе, ресторандардың қызмет көрсеткені үшін 10-15% ақы алуы қаншалықты заңды екенін айтты, деп жазады baq.kz.
Әр кафенің өз саясаты бар. Олар жалақы төлеуі керек қой. Сол себепті олар сервис үшін қосады. Бірақ оны (шотта – ред.) көрсеткені бір жағынан дұрыс. Оны көрсетпеуге де құқы бар. Бірақ оны бәрібір бағаға қосады, - деп айтты министр.
Сөзінше, ресторан қосымша құн салығын төлемейді. Себебі олар арнайы бөлшек салада отыр.
Олар ҚҚС төлейтін болса, әрине сервис үшін ақы қосады. Төлемейтін болса, қалай қосады? Оны қосуға құқы жоқ. Олар ҚҚС төлемейді, - деді Қуантыров.