«Қайғылы қаңтар»: Алматыдағы 3 медицина мекемесі 3 күн террористердің қоршауында қалған

0
749

Алматы қаласының үш медициналық клиникасы - 1, 7 және 12 қалалық ауруханалар шамамен үш тәулік бойы террористердің қоршауы жағдайында болған.


«Қайғылы қаңтар»: Алматыдағы 3 медицина мекемесі 3 күн террористердің қоршауында қалған

ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова хабарлады, деп жазады baq.kz.

Алматы қаласының үш медициналық клиникасы - 1, 7 және 12 қалалық ауруханалар шамамен үш тәулік бойы террористердің қоршауы жағдайында болды. Бұл ретте қызметкерлер бұл кезеңде ауысымсыз, бірнеше тәулік бойы жұмыс істеді. Науқастар үшін азық-түлік жеткізілмеді, дәрігерлер пациенттерге тамақ дайындады, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Оның айтуынша, кейбір зардап шеккендер дәрігерлердің сұрақтарын түсінбеген.

Кейбір зардап шеккендер дәрігерлердің сұрақтарын түсінбеген. Мемлекеттік және орыс тілдерінде жауап бермеген. Медициналық көмек алғаннан кейін медициналық ұйымдардан рұқсатсыз кетіп, тіпті белгісіз қарулы адамдардың сүйемелдеуімен реанимациядан шыққан жағдайлар болды, - деді Әсел Артакшинова.

Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе қалаларында «СК Фармация» дәрілік қоймаларын тәулік бойы күзету қамтамасыз етілгенін алға тартты.

Онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде пациенттерді емдеуге арналған барлық дәрі-дәрмектер, соның ішінде есірткі және психотроптық заттар сақталады, - деді ол.