"Қайрат" ФК Орталық стадионда Джей Лоға концертін өткізуге рұқсат бермеген

0
103

Лопестің Қазақстандағы алғашқы концерті 1 тамызда Астана қаласында өтеді.


Фото: vesti.kz

ERNUR.KZ. 2025 жылдың 10 тамызында Орталық стадионда концерт өткізу туралы хабарламаға қатысты клуб мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz.

"2025 жылғы 10 тамызда Алматы қаласының Орталық стадионында концерт өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдастырушылардың парақшаларында пайда болған хабарламаларға байланысты "Қайрат" ФК аталған күннің клубпен келісілмегенін түсіндіру қажет деп санайды.
2025 жылғы 16 мамырда "Қайрат" ФК Алматы қаласының Спорттық нысандар дирекциясынан Орталық стадионды мәдени шараға алдын ала брондау туралы ресми хабарлама алды. Жауап ретінде ресми хатта (20.05.2025 жылғы шығыс № 994-03101) клуб ҚР Чемпионаты Премьер-лигасының бекітілген спорттық күнтізбесіне, сондай-ақ "Қайрат" футбол клубының еурокубок аясындағы халықаралық міндеттемелеріне байланысты көрсетілген мерзімде стадионды пайдалануға болмайтынын хабарлады.
Республикалық жарыс күнтізбесіне енген "Қайрат" ФК - "Жеңіс" ФК ресми матчы 9 немесе 10 тамызда стадионда өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар 7 және 12 тамызда команда еурокубокқа қатысады. Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындалады. Бұл күндері басқа шараларды өткізуге болмайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, "Қайрат" ФК ресми түрде дәлелді бас тарту жіберілген күні концерт өткізетіні туралы жария хабарландыруға таңғалды. Клуб мәдени бастамаларды құрметтейді әрі диалогқа ашық. Біз Орталық стадионды пайдалану кестесін әзірлеуде барлық мүдделі тараптың одан әрі сындарлы өзара әрекетін күтеміз", - делінген ресми мәлімдемеде.

Кеше Дженнифер Лопес 10 тамызда Алматы қаласында концерт өткізетіні туралы ақпарат тараған болатын.

Ал Лопестің Қазақстандағы алғашқы концерті 1 тамызда Астана қаласында өтеді.