​«Қайрат» футболшыларының жанкештілігіне риза болдым – Хаби Алонсо

0
109

Алонсо алматылық клуб Чемпиондар лигасында лайықты ойнайтынын айтты.


​«Қайрат» футболшыларының жанкештілігіне риза болдым – Хаби Алонсо

Фото: Альберт Ахметов/ Kazinform

ERNUR.KZ. Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо Алматыда «Қайрат» футбол клубын 5:0 есебімен жеңгеннен кейін ойын туралы қысқаша пікір білдірді, деп жазады inform.kz.

Алонсо алматылық клуб Чемпиондар лигасында лайықты ойнайтынын айтты.

— Біз Чемпиондар лигасының ойыны алматылықтар үшін қаншалықты маңызды екенін көрдік. «Қайрат» кездесудің басында өте жақсы ойнады. Ал, біз керісінше бұл алаңда өзімізді жайсыз сезіндік және алғашқы минуттарда командалық ойын көрсете алмадық. Бірақ пенальтиден кейін менің командам жақсы ойнай бастады. Жалпы мен «Қайрат» футболшыларының жанкештілігіне риза болдым, - деді Хаби Алонсо.
Бас бапкер командасымен бірге Алматыны аралап үлгермегенін, алайда Алматы тауларына барғысы келетінін жасырмады.
— Бұл жерде атмосфера керемет болды деп айта аламын. «Қайрат» командасына, Алматыға және Қазақстан мемлекетіне бар жақсылықты тілеймін. Бүгін басты мақсатымызды орындап, жеңіске қол жеткіздік. Неғұрлым көп гол соқсақ, соғұрлым жақсы болатынын білдік, - деді Хаби Алонсо.
Бұл ретте «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо «Қайраттың» бірде-бір ойыншысын ерекше атап өткен жоқ.