Қайтарылған активтер: Ақтауда 4,6 млрд теңгеге жедел жәрдем станциясы салынады

0
256

Жобаның жалпы құны 4,8 млрд теңге деп бағаланып отыр.


Қайтарылған активтер: Ақтауда 4,6 млрд теңгеге жедел жәрдем станциясы салынады

ERNUR.KZ. Ақтау қаласында 100 мың шақыртуға дейін қызмет көрсете алатын облыстық жедел медициналық көмек станциясы салынады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік маңызды нысандарды қаржыландыру мақсатында бұл жобаға Арнайы мемлекеттік қордан 4,6 млрд теңге бөлінеді.

Станция 34А шағын ауданында 2,6 гектар аумақта орналасады.

Жобаның жалпы құны 4,8 млрд теңге деп бағаланып отыр.

  • 100 млн теңге жергілікті бюджеттен бөлінген.
  • Қазіргі таңда құрылыс 10%-ға аяқталған: жер қазу жұмыстары жүргізіліп, ішкі инженерлік желілер тартылған.
  • Қалған қаржы толық игерілген жағдайда, жоба белгіленген мерзімде аяқталмақ.

Қазіргі таңда Ақтаудың халық саны 200 мың адамнан асады, әрі өңірде туу көрсеткіші жоғары. Соңғы жеті жылда 10 жаңа шағын аудан бой көтерді. Жаңа жедел жәрдем станциясы қала тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырып, жедел жәрдем жұмысының сапасын жақсартады деп болжанып отыр.