Қақпашы Темірлан Анарбеков қолтаңбасын қойған доп 12 млн теңгеге сатылды

0
113

Қаржы қайырымдылыққа жұмсалады.


Қақпашы Темірлан Анарбеков қолтаңбасын қойған доп 12 млн теңгеге сатылды

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің қолтаңбасы қойылған доп аукционда 12 млн теңгеге сатылды. Оны Алматыдағы бір кәсіпкер сатып алған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл ақшаның арқасында бір отбасы баспаналы болған.

«Біз өз еліміздің дамуына үлес қосып, еңбек етіп жатырмыз. Атырауым, сіздерді жақсылық жасап жарысуға шақырамын. Ендігі пас сіздерге», - деген еді Анарбеков допты аукционға шығарғанда.

Еске салсақ, Темірлан Анарбеков биыл маусымда ерекше ойын үлгісін көрсетіп, қазақстандық футбол жанкүйерлерінің сүйіспеншілігіне ие болды. «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков қазір Қазақстан құрамасында өнер көрсетеді. Ол 15 қарашада болатын Қазақстан-Бельгия матчында да төбе көрсетпек.