Ажырасу ең аз тіркелген өңір - Түркістан облысы.
ERNUR.KZ. Қала тұрғындары ауылдықтарға қарағанда көбірек ажырасады, деп жазады sputnik.kz.
Бюроның мәліметінше, Қазақстанда былтыр 48 200 ажырасу тіркелді. Оның 34 800-ы (72,2 процент) қала тұрғындарына тиесілі.
Ажырасудың жоғары көрсеткіші ел астанасында байқалып отыр. Мұнда 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 3,54 жағдайды құрайды. Ал ажырасу ең аз тіркелген өңір - Түркістан облысы. Мұнда 1000 адамға шаққанда 1,20 жағдай.
Ажырасу көп жағдайда ортақ баласы жоқ ерлі-зайыпты арасында тіркелген. Олардың үлесі - 60,5 процент. Ортақ бір баласы барлар арасындағы ажырасу үлесі – 20,8 процент. Кәмелетке толмаған екі және одан көп баласы барлардың арасындағы ажырасу үлесі – 18,7 процент.
Ажырасқандардың некеде болған уақыты бойынша:
34,1 процент – 10 жылдан астам уақыт;
26,3 процент – 5-9 жыл;
21,4 процент – 2-4 жыл;
7,8 процент – 1 жылдан артық;
5,5 процент – 1 жылға дейін.