Істің анық-қанығын тексеру үшін, ұсталған азамат қару-жарағымен бірге Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
ERNUR.KZ. «Қостанай» шекара отрядының «Қайрақ-авто» бөлімшесінде Ресейден жекеменшік «Шкода Рапид» автокөлігімен Қазақстанға қайтып келе жатқан 1993 жылы туған қазақстандық ұсталды, деп жазады ҚР ҰКҚ ШҚ баспасөз қызметі.
Шекара наряды оның автокөлігінің жүксалғышынан барлығы 6 дана, калибры 7,62 мм-лік, пайдаланудан алынып тасталған, залалсыздандырылған Калашников автоматтарын және олардың 6 дана оқсалғышын тапты. Тасымалдаушының айтуы бойынша бұл автоматтарды Мәскеуден коллекция және фильм түсіру үшін сатып алған.
Істің анық-қанығын тексеру үшін, ұсталған азамат қару-жарағымен бірге Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.
Сондай-ақ, Петропавл шекара отрядының «Бидайық-авто» бөлімшесінде біздің елге келе жатқан 1975 жылғы Ресей азаматының автокөлігінен аңшы мылтығына арналған оқ-дәрі табылып, Уәлиханов ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды.