Қаңғыбас иттерді өлтіру туралы заң Сенатқа түсті

0
131

Әшімбаев құжатты сенат депутаттары әлі қарап үлгермегенін айтты.


Қаңғыбас иттерді өлтіру туралы заң Сенатқа түсті

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда бұралқы иттерді 5 күн ұстап, өлтіру туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

Әшімбаев құжатты сенат депутаттары әлі қарап үлгермегенін айтты.

“Үйсіз жануарларды эвтаназиялау туралы заң кеше ғана сенатқа келіп түсті. Депутаттар оны әлі қарап үлгерген жоқ. Қазір жұмыс процесі енді басталып жатыр. Заң жобасы комитеттерге бөлініп берілді. Енді олар жұмыс топтары аясында, қоғам өкілдерін қатыстырып, талқылайды. Осы мәселелер жан-жақты қаралған соң құжат пленарлық отырысқа шығарылады”, – деді Мәулен Әшімбаев.

Ол әзірге сенатта тек қоғам белсенділері мен мәжіліс депутаттарының пікірлері естілгенін айтты.

“Бізге алдымен заңның өзін мұқият қарап шығу керек. Менің ойымша, бұл көп уақыт алмайды. Шамамен бір аптадан он күнге дейін нақты нормалар бойынша мазмұнды пікір айтуға дайын боламыз”, – деді сенат төрағасы.