Қаңтар оқиғасы: Алматы әкімдігі мен Президент резиденциясын басып алған 11 адамға үкім шықты

0
183

Олар әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсетті.


Қаңтар оқиғасы: Алматы әкімдігі мен Президент резиденциясын басып алған 11 адамға үкім шықты

ERNUR.KZ. Алматы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жаппай тәртіпсіздік пен шабуылға қатысып, күзетілетін объектілерді басып алған, сондай-ақ билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсетті (272-бап, 269-1-бап 3-бап 380-бап) деп айыпталған 11 сотталушының ісі қаралды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

2022 жылдың 4-5 қаңтарында сотталушылар жаппай тәртіпсіздікке қатысып, қорғалатын объектілерге — Алматы қаласының әкімдігіне, Президент резиденциясына, полиция басылымына заңсыз кірген. Сотталушылардың қылмыстық әрекеті салдарынан мүлік жойылды.

Тәртіпсіздік барысында үш сотталушы қоғамдық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдаған әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсетті.

Ал, сотталушының біреуі екі әскери курсантты тұтқынға алып, оларға жеңіл дене жарақаттарын келтірген.

Сотталушылар кінәсін жартылай мойындады.

Аталған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

«Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларды ескерді: сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларын, денсаулық жағдайларын, отбасылық жағдайларын және бұрын сотты болмағандарын ескерді. Сот 10 сотталушыны ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 269-бабының 3-бөлігі-1), 4), 8) тармақшалары бойынша кінәлі деп тапты. Рақымшылық туралы заң қолданыла отырып, олардың әрқайсысы 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды», - делінген сот үкімінде.

Бір сотталушы ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 1), 4), 8) — тармақтары, 269-1-бабының 3-бөлігі, 261-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол Рақымшылық туралы заңы аясында 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.