Ашулы топ полиция қызметкерін қоршап алып, соққыға жыққан.
ERNUR.KZ. Атырауда облыс әкімдігіне шабуыл кезінде қаруы болмаған полицейді соққыға жыққан жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздіктер барысында болған.
"Облыс әкімдігі ғимаратына шабуыл жасау кезінде қоғамдық тәртіпті күзетіп жүрген қарусыз полицейді аяусыз ұрып-соққан жергілікті тұрғын ұсталды", - деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ашулы топ полиция қызметкерін қоршап алып, соққыға жыққан. Салдарынан ол жерге құлап, ұсталған азамат оны басынан ұрған.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.


