Өтініштерді аудан әкімдіктері келіп түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды.
ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген автокөлік иелеріне өтемақы ретінде 567 млн теңге төленді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Қазіргі уақытта Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 143 өтінім келіп түсті. Жеке тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тетігіне сәйкес (Үкіметтің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 қаулысымен бекітілген терроризм актісі нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу Ережелеріне сәйкес) жалпы сомасы 566,7 млн теңгеге барлық 143 өтінімге қолдау көрсетілді»,- деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Өтініштерді аудан әкімдіктері келіп түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау өтініш тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде белгіленеді және оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. Жұмыс әлі жалғасып жатыр екен.