Қаңтарда зардап шеккен кәсіпкерлерге салық жеңілдігі қарастырылады

0
504

Сонымен қатар цифрлық майнингке салық жүктемесі күшейтілмек.


Қаңтарда зардап шеккен кәсіпкерлерге салық жеңілдігі қарастырылады

ERNUR.KZ. Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсету араларын түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы қаңтар айындағы оқиғалар барысында келтірілген залалды өтеу, бизнеске жәрдем көрсету туралы тапсырма берді. Аталған жұмыс барысында салық салу мәселелері де бар. Сондықтан алынған өтемақы сомасы бойынша кәсіпкерлерді салық міндеттемесінен босату мақсатында осы мәселені реттеу нормалары ұсынылады», - деді Ә.Қуантыров.

Сонымен қатар ол интернет саласындағы салық салу жүйесіне қатысты ұсынысын айтты.

«Интернетке қолжетімділікті кеңейту үшін жаңа технологиялар көбірек қолданылып жатар. Соның бірі – геостационарлық емес спутниктік байланыс жүйелері. Салық кодексінде осындай байланыс түрі үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем белгілеу ұсынылады», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістің осы жалпы отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі құжатты қарау кезінде елімізде пайдалы қазбаларды өндіру салығының көлемі артатыны айтылды.

Сонымен қатар цифрлық майнингке салық жүктемесі күшейтілмек.