«Қаным көтеріліп кетті»: хейтке ұшыраған Бадықова желіге ашуын төкті

0
227

Актриса Дариға Бадықова өзі түскен "Таптым-ау сені 2" фильміне емес, Disney кинокомпаниясының "Моана 2" анимациясына барған көрерменді "түсінбейтінін" айтып, сол үшін әлеуметтік желіде сынға ұшыраған еді.


«Қаным көтеріліп кетті»: хейтке ұшыраған Бадықова желіге ашуын төкті

Youtube/Dina Tolepbergen

ERNUR.KZ. Актриса Дариға Бадықова өзі түскен "Таптым-ау сені 2" фильміне емес, Disney кинокомпаниясының "Моана 2" анимациясына барған көрерменді "түсінбейтінін" айтады. Оның бұл пікірі сынға ұшырап жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Актриса Дариға Бадықова өзі түскен "Таптым-ау сені 2" фильміне емес, Disney кинокомпаниясының "Моана 2" анимациясына барған көрерменді "түсінбейтінін" айтып, сол үшін әлеуметтік желіде сынға ұшыраған еді. Көп адам әлеуметтік желіде оны келеке етіп кеткеннен кейін актриса тағы да сол жайлы айтты.

– Қазақты қазаққа қарсы қойғанға қанып көтеріліп кетті. Эфирде әйтеуір салмақты болып отырмын. Ондай нәрселерді айтқан кезде қаным көтеріліп кетеді. Намысыма тиіп кетеді. Мен мысалы бастысы «ол балалар көрмейтін нәрсе» деген жоқпын ғой. Екі жарнама кетті. Күшті болды. «Моанаға» да жарнама жасадым. Өз кинома да жарнама жасадым. Болмайтын нәрселерді айтып, бір-бірімізді таптап, жерден алып, жерге салып, сұмдық енді. Көпшілік емес. Өйтіп жатқан көп адам емес. Арасында бар, – дейді ол.

“Моана 2” және актрисаның өзі түскен қазақстандық “Таптым-ау сені 2” кинотеатрларда қатар шығып жатыр. "Моана 2" шетелдік кинокомпанияның өз қаражатына қазақ көрермендеріне қазақ тілінде ұсынып отырған анимациясы. Қазақстанның кинотеатрларында 28 қарашадан бері кинотеатрлардан көрсетіліп жатыр.