Қапшағай су қоймасында демалушыны қайықпен қағып өлтірген ер адам сотталды

0
111

2025 жылы 2 шілдеде күдікті катер басқарып, оны жалға беру қызметін көрсету кезінде су көлігін пайдалану ережелерін бұзған.


Қапшағай су қоймасында демалушыны қайықпен қағып өлтірген ер адам сотталды

Фото: Pixabay.com

ERNUR.KZ. Қонаев қаласының соты Қапшағай су қоймасында қаза тапқан 23 жастағы азаматтың өліміне қатысты үкім шығарды, деп жазады stan.kz.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылы 2 шілдеде күдікті катер басқарып, оны жалға беру қызметін көрсету кезінде су көлігін пайдалану ережелерін бұзған. Ол қайықты қараңғыда басқарып, су көлігіне рұқсат етілген жолаушылар санынан көп адам мінгізіп алған. Осылайша ол су айдынына шығып, шомылып жүрген 23 жастағы азаматты соққан. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 3 жылға бас бостандығынан айыру және су көліктерін пайдалануға 3 жыл тыйым салуды сұраған. Сот шешімі бойынша айыпталушы 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 2 жыл су көліктерімен қызмет көрсетуге тыйым салынды. Ол сот залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енді.