Қайтыс болған баланың 13 жастағы жасөспірім екені анықталды.
ERNUR.KZ. Қапшағайда көпқабатты пәтерлердің бірінің балконында асылып тұрған баланың денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«20 қазан күні сағат 07:30 шамасында Қапшағай қалалық полициясының кезекші бөліміне балконда баланың асылып тұрғаны жөнінде хабарлама түсті. Қайтыс болған баланың 13 жастағы жасөспірім екені анықталды. Тергеу тобы оқиғаны растады. Қазір сотқа дейінгі іс тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді», делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.