Қар көшкініне байланысты ШҚО-дағы республикалық маңыздағы жолдың бір бөлігі жабылды

0
228


Қар көшкініне байланысты ШҚО-дағы республикалық маңыздағы жолдың бір бөлігі жабылды

ERNUR.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі 2025 жылғы 12 қаңтарда сағат 09:00-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнар көздері" республикалық тас жолының бір бөлігі жабылғанын ескертті, деп жазады Zakon.kz.

Құзырлы мекеме баспасөз қызметінің мәліметінше, қар көшкінінің профилактикалық түсуіне байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнар көздері" республикалық тас жолының 46-66 шақырым, яғни Северное ауылынан Серебрянск қаласы аралығында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеулер енгізілді.

"2025 жылғы 12 қантар сағат 15:00-де жолды ашу жоспарланған", делінген ресми хабарламада.