Көлік қозғалысы трассаның бірнеше учаскесінде уақытша тоқтатылды.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
ERNUR.KZ. Қарлы боран мен көру қашықтығының нашарлауына байланысты еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады Azattyq Rýhy.
«8 қараша 2025 жылы сағат 16:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты ауыр жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.
Ақмола облысында шектеу 30–92 шақырымдық аралықта (Жібек Жолы ПВП – Қарағанды облысының шекарасы) енгізілді.
Қарағанды облысында қозғалыс 92–164 шақырымдық (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау ПВП) аралықта тоқтатылды.
Сағат 18:00-ден бастап осы учаскелерде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды.
Жол қозғалысын қалпына келтіру уақыты – 9 қараша сағат 08:00 деп жоспарланып отыр.
Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілерге ауа райы жақсарғанша сапарға шықпауға кеңес берді.


