Қазіргі уақытта полиция табылған заттардың шығу төркінін, кімге тиесілі екенін анықтап жатыр.
Бейнеден алынған кадр
ERNUR.KZ. Алматыдағы Сайран көлінің жағалауына жақын жерде, Садовников көшесінде атыс қаруы мен оқ-дәрілер табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
Қауіпті олжа табылған жерге полицейлер барды.
"Қару мен патрондар белгіленген процестік тәртіппен тәркіленді. Олар сараптамаға жіберілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, табылған қару газды қару санатына (қару - ескерт.) жатуы мүмкін", - деп хабарлады қалалық полиция.
Қазіргі уақытта полиция табылған заттардың шығу төркінін, кімге тиесілі екенін анықтап, сондай-ақ қарудың қандай да бір қылмыс кезінде қолданылған-қолданылмағанын тексеріп жатыр.
Сондай-ақ полицейлер қаруды кім тастап кеткенін және оның қандай тарихы барын анықтауы тиіс.


