УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің алғашқы туры әзербайжандық команда үшін сәтті басталды.
Фото: Қарабах ФК
ERNUR.KZ. Португалия астанасы Лиссабонға қонаққа барған "Қарабах" алаң иелері "Бенфика" клубын ойда-жоқта жеңіп кетті, деп жазады inbusiness.kz.
Ойын "Эштадиу да Луж" стадионында өтті. Алғашқы екі голды португалиялық клуб салды. Энцо Барренечеа мен Вангелис Павлидистің екеуіне де нәтижелі пас берген – Георгий Судаков.
Дегенмен, әзербайжандықтар жақсы ойын-өрнегін көрсетіп, есепті теңестіре алды. Ал жеңіс голын "Қарабақтың" ойыншысы Алексей Кащук 86-минутта тойлады.
Осылайша, олар сырт алаңда ешкім күтпеген үш ұпайды иеленді.
Айта кетейік, "Бенфика" клубы Чемпиондар лигасында тұрақты түрде доп теуіп келеді. "Қарабах" болса, жалпы кезеңге екінші рет ғана шыққан.