Қарағанды-Астана тас жолында жүргізуші құлап қалған бағанаға соғылды

0
150

Енді қарағандылық жүргізуші "ҚазАвтоЖолды" сотқа бермек.


Қарағанды-Астана тас жолында жүргізуші құлап қалған бағанаға соғылды

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Қарағанды тұрғыны "ҚазАвтоЖол" компаниясын сотқа бермек. Себебі ол Қарағанды-Астана бағытындағы ақылы жолда құлап қалған бағанаға соғылған, деп жазады sputnik.kz.
Ермек Кәрібаев автобанда қатты келе жатып, тежеуішті басып үлгермеген. Айтуынша, бағана дұрыс бекітілмегендіктен, жолға құлаған. Ақылы жолдың қауіпсіздігіне "Қазавтожол" ұлттық компаниясы жауапты. Сондықтан Қарағанды тұрғыны адвокат жалдап сотқа жүгінбекші.
"Аталған бағана іргетасына дұрыс бектілмеген. Екі үш жерінен ғана дәнекерленіп тұр екен. Жолға ақы төлеп шыққасын қауіпсіздік те болуы керек қой", - дейді Ермек Кәрібаев.
Жел құлатқан бағанаға бірден екі көлік соғылған. Қайта ешкім зардап шекпепті. Бірақ Қарағанды тұрғынының көлігі қатты зақымданған. Енді оның қозғалтқышы мен шанағын жөндеу керек.
"Жарық бағаны қатты желден құлап, сол сәтте екі көлік тежеушін басып үлгермеді. Жол апаты болып, полиция департаменті бұл мәселемен айналысып жатыр. Сол сәтте полция шақырылды. Жалпы азаматтар сотқа да жүгінуіне болады және өтем алу үшін сақтандыру компаниясына да жүгіне алады", - деп түсіндірді "ҚазАвтоЖол" АҚ ҰК ресми өкілі Сәкен Ділдахмет.