Қарағанды-Астана тасжолында көлік апатынан 2 адам қаза тапты

0
171

Қайғылы оқиға 11 шілде күні шамамен сағат 14:00-де болған.


Қарағанды-Астана тасжолында көлік апатынан 2 адам қаза тапты

Фото: pexel

ERNUR.KZ. Қарағанды – Астана автожолында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп жазады Skifnews.kz.

"27 жастағы Kia Rio көлігінің жүргізушісі Астана қаласына бара жатып, жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан ол алдында келе жатқан Shanceman автокөлігімен соқтығысқан", - дейді Қарағанды облысының ПД патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Сұңғат Абылқас.

Жол апаты салдарынан Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият әрі сақ болуға шақырды.