Қарағанды облыстық сотына 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Александр Музникастан апелляциялық шағым түсті.
ERNUR.KZ. Ол Қарағандыдағы аттракционда қаза тапқан 34 жастағы Евгения Леонтьеваның өліміне кінәлі деп танылған болатын, деп жазады ҚазАқпарат.
Қарағандыдағы «Роумпджампинг» аттракционында көз жұмған 34 жастағы Евгения Леонтьеваның өлімі туралы іс жалғасуда. Бұл іс бойынша тамыз айының басында сот нұсқаушы Александр Музникасқа қатысты үкім шығарға болатын. Ол 306-баптың 3-бөлігі «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, абайсызда адам өліміне әкеп соққан жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету» бойынша сотталды. Қазыбек би аудандық сотының судьясы оны кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік колониясына 4 жылға қамау жазасын тағайындады . Алайда айыпталушы сот шешімімен келіспейтінін білдіріп, апелляциялық шағым берді.
Апелляциялық шағым 2 қыркүйекте түсті. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Нұрмағамбетова шағымды қарауды 27 қыркүйекке тағайындады.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда 33 жастағы Евгения Леонтьева «Созвездие» қонақ үйінің төбесіндегі роуп-джампинг аттракционына барып, биіктен секірген болатын. Алайда, бекітілмеген сымның салдарынан ол бетон қоршауға құлап, ауруханада қайтыс болды.