Қарағанды хайуанаттар бағының қызметкерлері арыстанның күшіктерін сатпақ болған

0
58

Бір айға толған абдандарды хайуанаттар бағының аумағынан картон қораппен шығарылған.


Қарағанды хайуанаттар бағының қызметкерлері арыстанның күшіктерін сатпақ болған

ERNUR.KZ. Қарағандыда жергілікті хайуанаттар бағының қызметкерлеріне қатысты сот процесі басталды: олар екі абданды 6 млн теңгеге сатпақ болған, деп жазады sputnik.kz.

Бір айға толған абдандар хайуанаттар бағының аумағынан картон қораппен шығарылған.
Сотталушылар орындығында Қарағанды хайуанаттар бағы директорының орынбасары және оның қарамағындағы екі адам отыр. Ұрлықтан басқа оларға "сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларға заңсыз ұстау" айыбы тағылған.
Хайуанаттар бағында басқа да осындай фактілердің болған немесе болмағандығы анықталып жатыр.