Қарағанды облысында 3 жасар баланың үстіне ғимарат қасбеті құлап, оған шұғыл ота жасалып жатыр

0
96

​Қарағанды облысында зардап шеккен бала жансақтау бөліміне түсті.


Қарағанды облысында 3 жасар баланың үстіне ғимарат қасбеті құлап, оған шұғыл ота жасалып жатыр

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде 3 жасар баланың үстіне ғимараттың қасбеті құлаған, деп жазады baq.kz.

Белгілі болғандай, балаға Мәдениет үйінің қабырғасының бір бөлігі құлаған. Бала жансақтау бөліміне түсіп, оған шұғыл ота жасалуда.

Бұқар Жырау ауданында мәдениет нысаны қасбетінің бір бөлігі үш жасар баланың үстіне құлағаны туралы әлеуметтік желілерде тараған бейнематериал бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккен бала медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.