Неке қиылған соң бес күн өткенде жасөспірім қыз өз әкесіне қашып барған.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысы, Абай қаласында әйел азаматтық некедегі күйеуімен бірге 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға ұзатқан. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызып отыр. Қазір анасы ата-аналық құқықтан айырылуы мүмкін, деп жазады baq.kz.
Қыз бес күннен кейін әкесіне қашып барған
Неке қиылған соң бес күн өткенде жасөспірім қыз өз әкесіне қашып барған. Қыздың туған әкесі бірден полицияға арыз түсіріп, істі құқық қорғау органдарына тапсырған. Ер адам бұрынғы әйелі қызына қысым көрсетуі мүмкін деп қауіптеніп, қамқорлықты толығымен өз қолына алғысы келетінін айтқан.
Әкесі мен анасы шамамен 10 жыл бұрын ажырасқан. Оның айтуынша, бұрынғы әйелі дін жолындағы адам болған. Сондықтан да 15 жастағы мектеп оқушысын ересек ер адамға тұрмысқа берген болуы мүмкін деп санайды. Айтуынша, анасы қызының оқуын алдын ала онлайн форматқа көшіріп қойған.
Мектеп мұғалімдері де ата-аналық құқықтан айыруды қолдайды
Қыздың әкесі анасының қызына арыз жаздырмауға көндіргенін айтып отыр.
Қызына полицияға арыз жазбауға қолхат жаздыртыпты, елестетіп көріңізші?! Уақыт өте келе қыз анасына жұмсарып, аяушылық танытып, "анамды түрмеге отырғызады" деп уайымдай бастаған. Ал анасының екінші, жоқ, кешіріңіз, үшінші некеден тағы екі кішкентай баласы бар, – дейді қыздың әкесі.
Білім саласы да бұл мәселеге араласып отыр. Абай аудандық білім бөлімінің бас маманы Марина Стрельникова қыздың тұрмысқа берілгенін растап, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында қыздың өзі бұл туралы мәлімдегенін айтты.
Қыз баланы тұрмысқа берген. Бұл туралы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қыздың өзі айтқан. Бес күн бойы үйіне оралмаған. Анасы бұл туралы полицияға хабарламаған. Осы жағдайға байланысты комиссия сотқа арыз түсіру туралы шешім қабылдады, – деді Стрельникова.
Күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
Полицияға арыз 15 наурызда түсті. Артынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында барлық мән-жай анықталады. Жәбірленуші қызбен психологтар жұмыс істеуде, – деді ведомство өкілдері.
Қазір істің барлық мән-жайы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары, білім беру мекемелері және баланың әкесі бұл жағдайды мұқият бақылауда ұстап отыр.