«Шұбаркөлкөмір» кәсіпорнында кокс үгінділерінен жасалған белсендірілген көмір шығарылады.
ERNUR.KZ. Жақында Қарағанды облысында жаңа өндіріс пайда болады. «Шұбаркөлкөмір» кәсіпорнында кокс үгінділерінен жасалған белсендірілген көмір шығарылады. Қазір жабдық толығымен құрастырылған. Әзірге жөндеу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz.
Кокс ұнтақтарынан белсендірілген көмір өндіру қондырғысы жақын арада жолға қойылып, іске қосуға дайын болады. Іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін өндірісті сертификаттау процесі басталады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, дайын өнімнің 80%-ын ішкі қазақстандық нарыққа жөнелтетін болады.
«Отандық өнімнің бағасы айтарлықтай төмен, ал сапасы жақсы болады», – дейді «Шұбаркөл Көмір» АҚ кокс химиялық цехының директоры Сабыржан Иманбаев.
Белсендірілген көмір кәріздік суларды тазарту үшін қолданылмақ. Сондай-ақ бағалы металдар өндірісінде, атап айтқанда алтынды сілтілеу кезінде пайдаланылады.