Құжат көпшілік талқысына ұсынылды.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы бірнеше ауылға қазақша атау беріледі, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта өңір әкімдігі мен маслихаттың ауыл атауларын өзгерту туралы бірлескен шешімі жазылған.
Белгілі болғандай, Бұқар Жырау ауданындағы Новостройка ауылы Атамекен атауын алмақ.
- Осакаров ауданындағы бірқатар ауыл:
- Звездный ауылдық округі – Жұлдыз;
- Тельман ауылдық округі – Нияз;
- Комсомольское ауылы – Қайыңды;
- Сенакосное ауылы – Қаратомар;
- Тельманское ауылы – Қаракөл;
- Чапаево ауылы – Жаңатоған ауылы болып өзгертіледі.
Құжат 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады.