Қарағанды ​​облысында ер адамның аяусыз соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалды

0
523

Олардың жанында екі әйел болған.


Қарағанды ​​облысында ер адамның аяусыз соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында оқиға куәгерлері ер адамның аяусыз соққыға жығылған сәтін видеоға түсіріп алды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға Бұқар жырау ауданы, Қушоқы ауылында болған. Әлеуметтік желіде тараған кадрларға қарағанда, көпқабатты үйдің ауласында екі ер адам арасында жанжал туындаған. Куәгерлер бір ер адамның екіншісін темірмен ұрып жатқанын түсіріп алған. Бұл ретте олардың жанында екі әйел болған. Олар жанжалдасқандарды ажыратпақ болған.


Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство жанжалдасқандар анықталып қойғанын хабарлады.

"Полицейлер Бұқар жырау ауданы, Қушоқы ауылындағы көпқабатты үйдің ауласында бұзақылық жасаған 28 жастағы адамды анықтап, ұстады. Бұзақылық әрекет жасағандар ағайынды болып шықты. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводағылар.