Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан анықталып, карантинге жабылды

0
237

Қарқаралы ауданы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында 15 шақты бұзау айналдырған екі үш күнде арам қатқан.


Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан анықталып, карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан ауруы шықты. Қарқаралы ауданындадағы Сартау қыстағында бірден 14 бұзау баудай түсіп, карантинге жабылды, деп жазады stan.kz.

Мәліметтерге сенсек, Қарқаралы ауданы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында 15 шақты бұзау айналдырған екі үш күнде арам қатқан. Аумақтың ветинспекция мамандары өлекселерден сынама алып зертханаға жолдаған.

Сараптама қорытындысы ірі қаралар қарасан жұқтырғанын растаған. Бұл кесел негізінен аша тұяқты жас төлге топырақ пен лай судан жұғады. Асқынғанда бұлшық еті қабынып, ішек-қарны мен бауырын ыдыратады. Қазір қолда бар малдың бәріне екпе салынып, қора жайлар залалсыздандырылды. Қыстау карантинге жабылды.

Қарағанды облысы ветеринария инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев ауыл карантинге жабылғанын айтты.

"Карантин қойылуына байланысты өлім-жітімге ұшыраған малды,он төрт басқа республикалық бюджеттен нарық бағасы төленеді. Топырақтағы инфекция малға қауіпті. Төлдерге қауіпті, ол көтере алмайды. Үш айлықтан бір жылға дейінгі, ал ересек мал оны жұқтыра қоймады", – деді Ержан Бекетбаев.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен 4 адам ауруханаға жеткізілгені айтылды. Төртеуінің нәтижесі теріс, тағы бір науқастың анализі нақтыланып жатыр. Науқастардың барлығына қажет ем қабылданып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.