Қарағанды облысында кафеде жарылыс болды - екі адам көз жұмып, он бірі зардап шекті

0
84

Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілген.


Қарағанды облысында кафеде жарылыс болды - екі адам көз жұмып, он бірі зардап шекті

фото: МЧС Казахстана

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Шет ауданындағы Мойынты станциясында кафеде газ баллоны жарылып, екі адам қаза болды, деп жазады sputnik.kz.
Өрт сөндірушілер жеткен кезде кафе толық отқа оранған. Бір қабатты ғимаратта газ баллоны жарылып, шамамен 200 шаршы метр аумақта жабын конструкциялары құлаған.
Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды. 11 адам аудандық ауруханаға жеткізілген.
300 шары метр аумақта өрт толықтай сөндірілді. Қазір үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Құтқарушылар зақымданған құрылымдарды тексеріп, қайта өртенудің алдын алу шараларын қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.
Газ баллоны жарылысының алдын ала себебі — газбен жабдықтау жүйелерін, оның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы.