Қарағанды облысында мәслихат депутаты ауылдың ақсақалын атып өлтіремін деп қорқытқан

0
624

Ол – Нұра ауданының мәслихатындағы депутат Серік Бекмағамбетов екені хабарланып отыр.


Қарағанды облысында мәслихат депутаты ауылдың ақсақалын атып өлтіремін деп қорқытқан

Фото: депутаттың жеке парақшасынан алынды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Нұра ауданының мәслихат депутаты Серік Бекмағамбетов Ахметауыл ауылында егде жастағы тұрғынды алдымен атып өлтіремін деп, кейін пышақпен қорқытқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 21 қазан күні болған. Аудандық мәслихаттың депутаты мас күйінде көлік жүргізіп, алпыстағы адамды қорқытқан.

«21 қазан күні Қарағанды облысы, Нұра ауданына қарасты Ахметауылында белгісіз азамат, ішімдік ішкен күйде 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Анықталғандай, ол аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты болып шықты. Күдіктіге қатысты «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырып, соның шешіміне сай, 15 тәулікке қамалды. Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің «қорқыту» және «атыс қаруын заңсыз ұстау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушінің айтқан арыздарының барлығы жан-жақты тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.