Қарағанды облысында сатушыны пышақтап кетті: күдікті ұсталды

0
175

50 жастағы күдікті қамауға алынды.


Қарағанды облысында сатушыны пышақтап кетті: күдікті ұсталды

фото: Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Саран қаласында сатушыны өлтіріп кетті деген күдікпен бір адам ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
"Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Саран қаласының 27 жастағы тұрғының өліміне қатысты бар деген күдікті ұсталды", - деп жазды ведомство.
50 жастағы күдікті қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Еске салайық, 23 қаңтарда дүкен сатушысына шабуыл жасаған ер адамның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.