Шектеу көліктің барлық түріне қойылды.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында су тасқыны қаупіне байланысты жол жабылды, деп жазады BAQ.KZ.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметі хабарлады.
“Қарағанды облысында 2024 жылғы 31 наурызда сағат 14:00-де еріген судың жиналуы және су тасу қаупі салдарынан Бастау-Ақтау-Теміртау тас жолының 12-41 шақырымы (Нұра және Ақтау ауылы учаскесі аралығында) жабылды", - делінген хабарламада.
Шектеу көліктің барлық түріне қойылды.