Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

0
693

Олар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған.


Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті, деп жазады Azattyq Rýhy.

«2018 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың мамырына дейінгі аралықта құрамында 5 адам бар ұйымдасқан қылмыстық топ Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 7 заңсыз ойын нүктесін ұйымдастырды. Олар 16 млн теңгеден астам пайда тапқан. Жедел шаралар нәтижесінде 200-ге жуық ойын терминалы (Lotomatic) заңсыз айналымнан алынды», - деп хабарланды.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды.