Қарағанды облысында үш кенші жарақат алды – біреуінің жағдайы ауыр.
фото: Telegram-канал Qarmet
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде екі кенші үйіне жіберілді.
"Екеуі үй жағдайында емделіп жүр, тағы біреуі стационарда, жағдайы ауыр, қажетті медициналық көмекті алып жатыр", - дейді дәрігерлер.
Айта кетері, наурыз айында Саран шахтасында 43 жастағы кенші көз жұмды. Ол құрылғыны монтаждау кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан қайтыс болған.