Қарағанды облысында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды

0
148

Ауыл медицинасын дамыту – мемлекет саясаты басымдықтарының бірі.


Қарағанды облысында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды

ERNUR.KZ. Бұқар жырау ауданының Сарыарқа және Құрылыс ауылдарында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды. Бұл пункттер медициналық көмектің сапасын жақсартуға сеп болады, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.

Ауыл медицинасын дамыту – мемлекет саясаты басымдықтарының бірі. Ел Президентінің тапсырмаларын орындау үшін медициналық нысандардың құрылысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша жүргізілуде.

Екі жаңа ФАП арқасында Үштөбе ауылдық округінің мыңнан астам тұрғыны қадамдық қолжетімділікте базалық медициналық көмекпен қамтамасыз етілді. Енді тұрғындарға дәрігерлерден кеңес алу үшін аудан орталығына барудың қажеті жоқ.

Бөлмелердің іші кең, ересектер мен балаларды қабылдау үшін қажет нәрсенің бәрі бар.

Дәрігерге дейінгі, процедуралық, егу кабинеттерімен де жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін пандус, шақыру түймесі және қозғалыс индикаторы да қарастырылған.

Сарыарқа ауылында 900 адам тұрады. Мұнда науқастар бұрын бейімделген бөлмеде қабылданды.

Үштөбе дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Жазира Сағымбекова жаңа ФАП-та қабылдауды медбике жүргізетінін, аптасына үш рет тексеруге дәрігер келетінін айтты.

– Мен Сарыарқа ауылына Қарағандыдан келдім. Мен ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға көмектесемін. Мұнда заманауи кабинеттер мен жабдықтар бар. Тұрғындар тағайындалған ем ала алатын жақсы физиокабинет те, бар. Дәрігерлік қабылдау да қарастырылған, оның ішінде бейінді мамандар да бар, – дейді медбике Береке Болат.

Құрылыс ауылында 700-ге жуық адам тұрады. Жаңа ФАП салынғанға дейін ауыл тұрғындары да бейімделген бөлмеде қабылданды.

Енді олардың заманауи медициналық мекемеде медициналық көмек алуға мүмкіндігі бар.

Бұқар Жырау ауданында бүгінде орталық аудандық ауруханадан басқа 13 дәрігерлік амбулатория, 16 ФАП және 25 медициналық пункт жұмыс істейді. Шалғай ауылдарға жедел көмекке келу үшін 28 санитарлық автокөлік бар. Ауданда 305 медициналық маман жұмыс істейді, оның ішінде 12 жас дәрігер «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы арқылы қызмет етуде. Медициналық көмекті жақсарту және кадрларды тарту жұмыстары да жалғасуда.