Қарағанды ​​облысындағы ауылда Ньюкасл ауруына байланысты карантин жарияланды

0
698

Нұра ауданы, Ахмет ауылында құстар арасында тараған Ньюкасл ауруына байланысты карантин жарияланды.


Қарағанды ​​облысындағы ауылда Ньюкасл ауруына байланысты карантин жарияланды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы ауылдардың бірінде Ньюкасл ауруына байланысты карантин жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Нұра ауданы, Ахмет ауылында құстар арасында тараған Ньюкасл ауруына байланысты карантин жарияланды. Ауылдың жеке қожалықтарына карантин енгізу туралы шешімді елді мекеннің әкімі қабылдаған.

Ресми мәліметке сәйкес, тауық өнімдерін экспорттауға және ауру құстардың еті мен жұмыртқасын пайдалануға шектеу шаралары енгізілген.

"Құстар арасында Ньюкасл ауруының анықталуына байланысты Ахмет ауылының аумағына карантин белгіленсін. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген әкімдіктің 6 қазандағы қаулысында.

Айта кетейік, Ньюкасл ауруы – құстардың жіті және тез таралатын вирустық ауруы. Ол тыныс алу жүйесіне, асқазан-ішек жолдары мен жүйке жүйесіне әсер етіп, құстардың жаппай қырылуына себепші болады.