ТЖМ құтқарушылар тобы өрттің Егіндібұлақ ауылы аумағындағы Кувский шаруашылығы орман қорының аумағына өтуіне жол бермеді.
Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы табиғи өрт сөндірілді, деп жазады sputnik.kz.
"Қатты екпінді жел мен өрттің ауқымдылығына қарамастан, құтқарушылар 33 мың бас малы бар және 1,5 мыңнан астам адам тұратын 7 елді мекенге және 11 шаруа қожалығына өрттің таралуына жол бермеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ТЖМ құтқарушылар тобы өрттің Егіндібұлақ ауылы аумағындағы Кувский шаруашылығы орман қорының аумағына өтуіне жол бермеді.
Еске сала кетейік, өртті сөндіру кезінде ПЧ-24 аға өрт сөндіруші Хали Хайрат көз жұмған болатын. Төтенше жағдайлар министрлігі сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.