Қарағанды облысының бас санитар дәрігері қызметінен кетті

0
537

Қанат Асқаров өз еркімен қызметінен кеткен.


Қарағанды облысының бас санитар дәрігері қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының бас санитар дәрігері Қанат Асқаров қызметінен кетті деп жазады kaz.nur.kz.

Қарағанды облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі Қанат Асқаров өз еркімен қызметінен кеткенін мәлімдеді.


"Өкінішке қарай, Асқаров Қанат Қырғызбайұлы денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен қызметінен кетті",- деді департаментте.


Айта кетейік, Қанат Асқаров Қарағанды облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы қызметіне өткен жылдың қараша айында келген. Бұған дейін ол Сарань қаласының орталық аурухана директоры қызметінде болған. Ведомство аталған қызметке кім тағайындалатынын хабарлаған жоқ.