Қарағанды облысының денсаулық сақтау жүйесін дамыту: жаңа нысандар, жабдықтар мен кадрлар

0
80

Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде 66 ФАП, оның ішінде 51-і қайтарылған активтер есебінен салынды.


Қарағанды облысының денсаулық сақтау жүйесін дамыту: жаңа нысандар, жабдықтар мен кадрлар

ERNUR.KZ. Сондай-ақ қайтарылған активтер есебінен Балқаш қаласында балаларға арналған оңалту орталығы үшін ғимарат жөнделді, Онкология орталығының операциялық-реанимациялық блогын жарақтандыруға қаржы бөлінді. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Онкология орталығына заманауи желілік үдеткіш пен компьютерлік томограф алынды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Облыстық ауруханада «Диабеттік табан» орталығы ашылып, эндоскопиямен жабдықталған реанимация бөлімі іске қосылды. Мақажанов атындағы клиника үшін Remebot RM-200 нейрохирургиялық роботы сатып алынды. МСАК ұйымдарында үздік практикалардың 6 орталығы ашылды.

Өңірге 137 жас дәрігер келді, оның ішінде 61 маман ауылдық жерлерге жіберілді. 14 дәрігер қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 30 дәрігер шетелде біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Алты ірі стационардың құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды.