Құқық қорғау органдары оны қамауда ұстауды жөн санамаған.
ERNUR.KZ. Қарағанды полицейлері төменгі сыныптың оқушыларына кәмпит ұсынған ер адамды босатып жіберген, деп жазады Тengrinews.kz.
Оқушыларға сусын мен кәмпит ұсынған Қарағанды тұрғынына педофилияға әрекет етпекші болды деген айып тағылған. Алайда құқық қорғау органдары оны қамауда ұстауды жөн санамаған.
"Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған жоқ, себебі балаларды азғыру ниеті туралы айтып отырмыз, нақты бір деректер туралы емес", - деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Күдіктіні №11 орта мектептің маңынан өтіп бара жатқан адам ұстап, полицияға тапсырды. Қалалықтардың айтуынша, ер адам оқушыларға бөтелкедегі сусын мен кәмпит ұсынғаны оларға оғаш көрінген. "Ақкөңіл ағаны" шақырған уақытта, ол қаша жөнелген.
Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.