Қарағандыда 6 көлік соқтығысып, бір адам қаза болған жол апаты: кәсіпкер қамауға алынды

0
346

4 қыркүйекте Қарағанды ​​мамандандырылған тергеу сотында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.


Қарағандыда 6 көлік соқтығысып, бір адам қаза болған жол апаты: кәсіпкер қамауға алынды

ERNUR.KZ. Қарағандыда алты көлік соқтығысқан жантүршілік жол апатына себепкер Lexus жүргізушісі екі айға қамауға алынды, - деп жазады tengrinews.kz.

4 қыркүйекте Қарағанды мамандандырылған тергеу сотында күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Бұған дейін полицейлер жергілікті кәсіпкер Сергей Камаевты ұстады, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша соталды тергеу басталды.

"Сергей Васильевич Камаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына екі ай мерзімге рұқсат етілсін. Қамауда ұстау мерзімі 2024 жылғы 2 қыркүйектен 2 қарашаға дейін есептелсін. Бұл қаулыға процеске қатысушылар үш тәулік ішінде шағымдана алады", - деп мәлімдеді Қарағанды мамандандырылған тергеу сотының судьясылан Сексенов.