Видео кадрларынан бір-біріне орындық лақтырып, аямай ұрып жатқан ерлер мен оларды ажыратуға тырысқан әйелдерді көруге болады.
ERNUR.KZ. Желіде Қарағандыдағы “Хеда” дәмханасында 8-наурыз мерекесін тойлау кезінде ер адамдардың бір-бірімен келіспей жаппай төбелескен видеосы тарады, деп жазады stan.kz.
Видео кадрларынан бір-біріне орындық лақтырып, аямай ұрып жатқан ерлер мен оларды ажыратуға тырысқан әйелдерді көруге болады. Деректерге сай оқиға 8- наурыз мерекесін тойлау кезінде орын алған.
Мекеме әкімшілігі жаға жыртысты көріп, бірден полиция шақырған. Полицияның келген жасағы құқық бұзушылықты тоқтатып, барлығынан жауап алды. Алайда жанжалды бастаған кім екенін екім айтпады. Төбелеске қатысушылардың бәрі жанжалды көрші үстелдегі адамдар бастағанын айтты.
“Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келген полиция жасағы тәртіп бұзушылықтың жолын кесті. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталып, ұсталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Олар тергеу нәтижелері бойынша жауапқа тартылады”, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кафе әкімшілігі жиһаздар мен ыдыс-аяқтар сынғандықтан мүліктік залалды есептеп, іс материалдарына азаматтық талап қоюға ниетті.